Loading...

Зерттеулер тізімі:

Альбумин-креатининовое соотношение в разовой порции мочи (ACR): Альбумин/ Креатинин
Сипаттама
Дайындық
Көрсеткіштер
Нәтижелерді түсіндіру

Код: 05-037

Альбуминдер - бұл суда еритін ақуыздар. Олар бауырда синтезделеді және қан сарысуындағы ақуыздардың көп бөлігін құрайды. Дені сау адамның ағзасында, әдетте, микроальбуминдердің ең аз көлемі бар альбуминдердің аз ғана мөлшері зәрмен бірге шығарылады, өйткені, зақымдалмаған бүйректің бүйрек шумақтары альбуминнің үлкен молекулалары үшін өткізбеушілік қасиетке ие. Бүйрек шумақтарының жасушалық мембраналарының зақымдануының бастапқы кезеңдерінде зәрмен бірге одан да көп микроальбуминдер шығарылады, зақымдану өрши берген сайын үлкен альбуминдер де шығарыла бастайды. Бұл процесс шығарылатын ақуыздар саны бойынша сатыға бөлінген (тәулігіне 30-дан 300 мг-ға дейін, немесе таңертеңгі зәр порциясында 20-дан 200 мг/мл-ге дейін микроальбуминурия , ал тәулігіне 300 мг-ден асқан жағдайда – протеинурия деп саналады). МАУ әрқашан протеинуриядан бұрын болады. Алайда, әдетте, пациентте протеинурия анықталған кезде бүйректегі өзгерістер қайтымсыз болған жағдайда, емдеу тек процесті тұрақтандыруға бағытталуы мүмкін. МАУ кезеңінде бүйрек түйіршіктеріндегі өзгерістерді әлі де дұрыс таңдалған терапияның көмегімен тоқтатуға болады. Осылайша, микроальбуминурия деп альбуминнің зәрмен шығарылуы оның шығарылуының физиологиялық деңгейінен асатын, бірақ протеинуриядан бұрын жүретін мөлшерде деп танылады.  

Таңертеңгі зәрдің орташа порциясы, қолданғаннан кейін мықтап жабылу қажет, бірреттік пластик контейнерге жиналады. Зәр, жиналған күні таңертең, Қабылдау Пунктіне жеткізілуі қажет. Зәрді тапсырмас бұрын дәрі-дәрмектерді, алкогольді және кофеинді қабылдаудан бас тарту керек, өйткені олар ақуыз деңгейін жоғарылатып, нәтижелердің бұрмалануына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, тапсыру қарсаңында тұзды, ащы және майлы тағамдарды жеуге тыйым салынады. Егер диагностиканың бұл түрі ақпараттық жеткіліксіз болса, онда күнделікті зәр мөлшері қолданылады. Жинау, пайдаланылмайтын зәрдің таңертеңгі порциясын есепке алмай, тәулік бойы жүргізіледі.

 

 

*Зертханалық зерттеулердің нәтижесі диагноз қоюдың жалғыз параметрі емес. Нәтижелердің түсіндірмесін алу үшін емдеуші дәрігерге жүгіну керек.

Сұрақ қою

Зерттеулер тізімі:

Баға

5100 ₸

Орындау мерзімі

6 күндер

Үйге бару

Кәрзеңке

Барлығы

Промокод:

Баға

5100 ₸

Орындау мерзімі

6 күндер

Үйге бару

Кәрзеңке

Барлығы

Промокод:

go top