Loading...
Check-up
checkup_image_1
Еркектер check-up standard
Ерлердің денсаулығын толық тексеруден өтіңіз
checkup_image_2
Әйелдер check-up standard
Әйелдердің денсаулығын толық тексеруден өтіңіз
checkup_image_3
Балаларға check-up (мектеп жасына бала)
Балаларға check-up (мектеп жасына бала)
checkup_image_4
Еркектер check-up premium
Ерлердің денсаулығын толық тексеруден өтіңіз
checkup_image_5
Әйелдер check-up premium
Әйелдердің денсаулығын толық тексеруден өтіңіз
checkup_image_6
Балаларға check-up (мектеп жасына дейінгі бала)
Балаңыздің денсаулығын толық тексеруден өтіңіз (мектеп жасына дейінгі бала)
checkup_image_7
Балаларға check-up (жасөспірім)
Балаңыздің денсаулығын толық тексеруден өтіңіз (жасөспірім)
left_arrowleft_arrow
rigth_arrowrigth_arrow
Барлығын көруslider_arrowslider_arrow
Танымал зерттеу пакеттері
Соңғы жаңалықтардан хабардар болыңыз
news_image_1

Жаңалық

Вт 20.05.2025
Залыстар — жай ғана жас ерекшелігі емес болғанда

🧔‍♂️ Шаш түсу — 50 жастан асқан әр екінші ер адамда кездесетін проблема.

📉 Ең жиі кездесетін себебі — андрогенетикалық алопеция, яғни ерлер типіндегі таздану.
Бұл жағдайда тұқымқуалаушылық пен гормондар шаш фолликулаларының сезімталдығына әсер етеді: олар кішірейіп, жұқарып, өсуін тоқтатады. Әдетте, процесс самай мен төбе аймағынан басталады.

⚠️ Бірақ мәселе әрдайым генетикада емес. Шаш түсу жалпы ағза жағдайымен де байланысты болуы мүмкін:

🔸 анемия
🔸 қалқанша без аурулары
🔸 ақуыз немесе темір жетіспеушілігі
🔸 қант диабеті
🔸 гипертония
🔸 жүрек аурулары
🔸 бас терісінің саңырауқұлақты инфекциялары (мысалы, теміреткі)

🧬 Сонымен қатар, ошақты алопеция да болуы мүмкін — бұл иммундық жүйе қателесіп, шаш фолликулаларын зақымдайтын аутоиммунды жағдай. Мұндайда шаш күрт түсіп, дөңгелек дақтар пайда болады.

📍 Егер сізде шаш түсу күшейгенін байқасаңыз — бұл жай ғана косметикалық мәселе емес, ағзаңыздың дабылы болуы мүмкін. Диагностика себептерді анықтауға және дер кезінде емдеуді бастауға көмектеседі.

news_image_2

Жаңалық

Пт 16.05.2025
Холестериннің жоғары екендігін көрсететін 5 анық емес белгі

Холестериннің шамадан тыс мөлшері ұзақ уақыт бойы ешқандай белгілер бермеуі мүмкін. Бірақ уақыт өте келе ол тамырлардың қабырғасына жиналып, қан айналымын бұзып, инфаркт пен инсульт қаупін арттырады.

Төмендегі дабыл белгілерге назар аударыңыз:

✅ Аяқ саусақтарының ұйып қалуы — аяқ-қолдардағы қан айналымы бұзылады.
✅ Жүргенде аяқтың ауруы — бұлшықеттерге оттегі жетіспейді.
✅ Ксантомалар мен ксантелазмалар — тері астындағы немесе қабақтағы майлы түйіндер.
✅ Қарашығыңыздың айналасындағы сұр шеңбер — әсіресе 40 жасқа дейінгі адамдарда.
✅ Кеуде тұсының ауруы және күш түскенде демікпе — ишемия белгісі болуы мүмкін.

🧬 Холестерин деңгейін тексеру үшін тапсырыңыз:
07-052 Липидограмма және ЛПОНП

📍 Талдау INVIVO-ның кез келген бөлімшесінде қолжетімді.
Бағалар әр қалада әртүрлі — қалаңызды пікірге жазыңыз, нақты бағасын айтамыз.

Жүрек саулығыңызға бүгіннен бастап қамқорлық жасаңыз.

news_image_3

Жаңалық

Ср 14.05.2025
3 анализі, шаршауыңыздың себебін анықтайды

Мамыр мерекелерінен кейін де өзіңізді шаршаңқы сезініп жүрсіз бе?
"Батареяңыз" әлі де зарядталмағандай ма?

Үнемі әлсіздік, ұйқышылдық, ашушаңдық пен энергияның жетіспеуі – бұл жай ғана шаршау емес, ағзаның маңызды сигналы болуы мүмкін.

Мұндай жағдайда ең әуелі базалық диагностикадан бастау керек:

🧪 D дәрумені
Оның жетіспеушілігі зейіннің төмендеуіне, көңіл күйдің нашарлауына, мазасыздық пен ұйқысыздыққа әкеледі.

🧪 Магний
Энергия түзу үшін аса маңызды. Оның жетіспеушілігі АТФ деңгейін төмендетеді – бұл ағзадағы барлық процестерге күш беретін негізгі көз.

🧪 Сарысулық темір
Төмен деңгейі жасырын анемияны көрсетуі мүмкін – бұл созылмалы шаршау мен енжарлықтың жиі себебі.

📍 Барлық осы зерттеулерді INVIVO-да – жылдам, ыңғайлы және қолжетімді бағамен тапсыруға болады.

Өзіңізді жақсырақ сезінгіңіз келе ме? Ендеше, қарапайымнан бастаңыз.

news_image_4

Жаңалық

Пн 12.05.2025
12 мамыр Халықаралық медбике күні
💐 12 мамыр — Халықаралық мейірбике күні

Өмірді құтқару туралы сөз болғанда, алдымен дәрігерлер еске түседі.
Бірақ олардың жанында әрдайым пациентке деген қамқорлықты елестету мүмкін емес жандар бар.

Мейірбикелер — бұл мейірімді жүрек, сабырлы қол және науқастарға қауіпсіздік сыйлайтын үнсіз күш.

Сіздер тек биоматериал алып қана қоймайсыздар — оны жанашырлықпен, қолдау мен қамқорлықпен атқарасыздар.

Құрметті әріптестер, сіздер — INVIVO компаниясының жанысыздар.
Шынайы қамқорлық пен кәсібіңізге адалдығыңыз үшін алғысымыз шексіз.
news_image_5

Жаңалық

Пн 05.05.2025
Барлығы зертханадағындай, тек үйден шықпай-ақ.

Кептелістер мен кезекте тұрып уақытыңыз бен жүйкеңізді тоздырғыңыз келмейді ме? 😫
Адамдардың қызығып қарағандарын қаламайсыз ба? 🤭
Медициналық ұйымдарда өзіңізді жайсыз сезінесіз бе? 😳
Талдау тапсыру үшін қабылдау пунктіне физикалық түрде келуге мүмкіндігіңіз жоқ па? 🤕

🚐 Ендеше INVIVO көшпелі қызметін пайдаланыңыз!

🙌 Сіз тек ерекше жағдайларды қажет ететін бірнеше талаптарды қоспағанда, медициналық зерттеулердің кең тізімін қолдана аласыз (тізім – INVIVO сайтында).

📲 Талдау нәтижелері қысқа мерзімде дайын болады. Біз олар туралы Сізге ыңғайлы түрде хабарлаймыз.

☝ Өтінімдер тәулік бойы қабылданады!

📝 Өтінімді invivo.kz сайтында ресімдеңіз немесе келесі нөмірлер арқылы бізге хабарласыңыз:

WhatsApp +7 (778) 020-20-72
Байланыс орталығы +7 (778) 769-38-81

Үйге келу қызметінің құны - 1500 тг

INVIVO сіздің денсаулығыңыз бен жайлылығыңызды ойлайды!

🔬 INVIVO – Қазақстандағы ең ірі зертханалар желісі!

left_arrow
rigth_arrow
Барлығын көруslider_arrow
sales_image_1
01 Окт 2024 -
Alex-test (мультикомпонентная аллергодиагностика ALLERGY XPLORER)

 

left_arrow
rigth_arrow
Барлығын көруslider_arrow

«INVIVO» медициналық зертханасы

бұл анализ жасау процесінде ғана емес, сонымен қатар постаналитикалық кезеңде инновациялық әдістерді қолданатын жоғары технологиялық зертхана.

Біздің Компанияның миссиясы – Қазақстанның барлық аймақтарында сапалы зертханалық қызметтерді қолжетімді бағамен көрсету.

Мақсат – дәрігерлерге дұрыс диагноз қойып, тиімді ем тағайындауға көмектесу.

Толығырақ

1026

зерттеу түрлері

553

Қазақстан бойынша қабылдау пункттері

16 жыл

табысты жұмыс

11 млн

Жыл сайын 11 000 000-нан астам талдау

go top