Loading...
Check-up
checkup_image_1
Еркектер check-up standard
Ерлердің денсаулығын толық тексеруден өтіңіз
checkup_image_2
Әйелдер check-up standard
Әйелдердің денсаулығын толық тексеруден өтіңіз
checkup_image_3
Балаларға check-up (мектеп жасына бала)
Балаларға check-up (мектеп жасына бала)
checkup_image_4
Еркектер check-up premium
Ерлердің денсаулығын толық тексеруден өтіңіз
checkup_image_5
Әйелдер check-up premium
Әйелдердің денсаулығын толық тексеруден өтіңіз
checkup_image_6
Балаларға check-up (мектеп жасына дейінгі бала)
Балаңыздің денсаулығын толық тексеруден өтіңіз (мектеп жасына дейінгі бала)
checkup_image_7
Балаларға check-up (жасөспірім)
Балаңыздің денсаулығын толық тексеруден өтіңіз (жасөспірім)
left_arrowleft_arrow
rigth_arrowrigth_arrow
Барлығын көруslider_arrowslider_arrow
Танымал зерттеу пакеттері
Соңғы жаңалықтардан хабардар болыңыз
news_image_1

Жаңалық

Пн 01.06.2026
Глаукоманы емдеудегі заманауи тәсілдер

21 мамыр күні INVIVO «Глаукоманы емдеудің кешенді тәсілі: гипотензивті терапия + нейропротекция» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Іс-шараға глаукоманы диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдеріне қызығушылық танытқан 35 дәрігер офтальмологтар қатысты. Конференция барысында пациентті емдеудің өзекті мәселелері, заманауи терапия схемалары, сондай-ақ көру функцияларын сақтау мен пациенттердің өмір сапасын арттырудағы нейропротекцияның маңызы жан-жақты талқыланды.

Конференция спикері медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер, офтальмология саласының танымал сарапшысы Жуматаева Зауре болды. Баяндама қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, клиникалық жағдайларды талқылаумен және кәсіби тәжірибе алмасумен қатар жүрді.

Спикер сапалы әрі уақтылы зертханалық диагностиканың маңыздылығына ерекше тоқталды. Жуматаева Зауре дәрігерлерге пациенттерді INVIVO зертханасына жолдауды ұсынып, сервистің жоғары деңгейін, зерттеулердің дәлдігін және нәтижелердің сенімділігін атап өтті. Сонымен қатар, баяндама аясында жоспарлы операцияға дайындық үшін қажетті зертханалық зерттеулер тізімі таныстырылды.

Сондай-ақ INVIVO зертханасының ішкі және сыртқы сапа бақылау жүйесіне ерекше көңіл бөлетіні, заманауи жабдықтар мен халықаралық зертханалық диагностика стандарттарын қолданатыны атап өтілді. Бұл зерттеу нәтижелерінің жоғары нақтылығын қамтамасыз етіп, дәрігерлер қауымдастығы тарапынан сенімді арттырады.

Конференция достық әрі кәсіби атмосферада өтті. Қатысушылар тәжірибе алмасып, пациенттерді емдеудің өзекті мәселелерін белсенді түрде талқылады.

Іс-шара соңында спикер жаңа форматтағы конференцияны ұйымдастырғаны үшін INVIVO командасына алғысын білдірді.

news_image_2

Жаңалық

Ср 20.05.2026
INVIVO АЕМБА терапиясының заманауи тәсілдеріне арналған конференция өткізді

INVIVO «Алкогольді емес майлы бауыр аурулары (NAFLD): УДХҚ-ның гепатопротекторлық әсері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Іс-шара бауыр ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдеріне қызығушылық танытқан 37 дәрігерді — гастроэнтерологтар мен инфекционистерді біріктірді.

Конференция спикері Елена Славко – медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты гепатолог дәрігер, инфекционист, гастроэнтеролог және паразитолог.

Баяндаманың аясында алкогольді емес майлы бауыр ауруын (NAFLD) диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері, сондай-ақ урсодезоксихолий қышқылының (УДХҚ) пациенттерді кешенді емдеудегі рөлі жан-жақты қарастырылды. Спикер зертханалық диагностиканың ауруларды уақтылы анықтаудағы, пациенттердің жағдайын бағалаудағы және емдеу тиімділігін бақылаудағы маңыздылығына ерекше тоқталды.

Конференцияның бір бөлімі INVIVO зертханасында орындалатын зертханалық зерттеулерді егжей-тегжейлі талдауға арналды. Іс жүзінде әрбір талдау бойынша клиникалық маңызы, диагностикалық құндылығы, нәтижелерді интерпретациялау ерекшеліктері және дәрігердің күнделікті тәжірибесіндегі қолданылуы таныстырылды. Мұндай формат қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, практикалық тұрғыдан аса пайдалы болды.

Сонымен қатар, INVIVO зерттеулерінің жоғары нақтылығы мен жедел орындалуын атап өтіп, сапалы әрі уақтылы зертханалық диагностика пациентті жүргізудің тиімді тактикасын таңдаудағы негізгі факторлардың бірі екенін айтты.

Іс-шара жоғары кәсіби деңгейде өтіп, мамандар арасында белсенді талқылау тудырды. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар жылы қабылдау, сапалы ұйымдастыру және ұсынылған тақырыптың өзектілігі үшін алғыстарын білдірді.

news_image_3

Жаңалық

Ср 20.05.2026
INVIVO офтальмология бойынша конференция өткізді

INVIVO «Операциядан кейінгі құрғақ көз синдромы: қауіп факторлары және профилактикасы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференция спикері Байырханова Алмагуль Ораловна – офтальмолог дәрігер, офтальмохирург, PhD, медицина саласының MBA, офтальмология және офтальмохирургия саласында 18 жылдық тәжірибесі бар маман.

Конференцияға 30 офтальмолог дәрігер қатысты. Іс-шара жылы әрі кәсіби атмосферада өтіп, офтальмологиялық аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеудің заманауи тәсілдеріне қызығушылық танытқан мамандардың басын қосты.

Баяндама барысында Алмагуль Ораловна операциядан кейінгі құрғақ көз синдромының өзекті мәселелеріне тоқталып, асқынуға әкелетін қауіп факторларды, алдын алу мен емдеудің заманауи әдістері туралы айтып берді. Сонымен қатар, көпжылдық тәжірибесіне негізделген практикалық ұсыныстарымен және клиникалық бақылауларымен бөлісті.

Спикер пациенттерді жоспарлы госпитализацияға және операцияға дайындық мәселелеріне ерекше назар аударды. Хирургиялық араласу алдында қажетті зертханалық зерттеулер жан-жақты қарастырылып, операциялардың сәтті өтуі мен пациенттердің тиімді қалпына келуі үшін уақтылы әрі сапалы диагностиканың маңыздылығы атап өтті.

Алмагуль Ораловна пациенттердің барлық қажетті зертханалық зерттеулерін INVIVO зертханасында жылдам, ыңғайлы және жоғары сапада тапсыра алатынын айтты. Сондай-ақ спикер зертханаға деген жоғары сенімділігін, нәтижелердің нақтылығын, зерттеулердің жедел орындалуына және қызметкерлердің кәсібилігіне ерекше мән берді.

Баяндаманың барысында Алмагуль Ораловнаның бұған дейін «Сема» медициналық орталығында жұмыс істеген кезінде INVIVO зертханасымен табысты ынтымақтастық тәжірибесі болғаны жайында атап өтті. Спикердің сөзінше, зертхана жылдар бойы өзін жоғары сервистік деңгейде, тұрақты жұмыс сапасы мен тиімді ұйымдастырылған процестері бар сенімді серіктес ретінде көрсете білді.

Конференция қатысушылары тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, талқылауларға белсенді қатысты, сұрақтар қойылып, өз тәжірибелеріндегі клиникалық жағдайларды талдады. Кездесу қорытындысы бойынша дәрігерлер ұсынылған ақпараттың өзектілігі мен баяндаманың практикалық маңыздылығын жоғары бағалады.

Іс-шара кәсіби тәжірибе алмасуға, өзекті білім алуға және пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.

news_image_4

Жаңалық

Пт 15.05.2026
INVIVO зертханасының халықаралық деңгейі жаңа туған нәрестелердің микробиотасына арналған ғылыми зерттеуде расталды

Дәрігер Гүлжан Байғазиеваның маңызды ғылыми жетістігі туралы халықаралық World Academy of Sciences Journal журналында «Тағамға төзбеушілігі және некроздаушы энтероколиті бар шала туған нәрестелердегі ішек микробиотасы мен нәжістегі кальпротектин деңгейі: бақылаулық зерттеу» атты мақаласы жарияланды.

Жарияланымның ерекше маңыздылығы ретіндеINVIVO зертханасы негізгі зертханалық талдаулар жүргізілген орын ретінде ресми түрде көрсетілген.

Зерттеу толықтай Алматы қаласындағы INVIVO зертханасында жасалған зерттеулерге негізделген. Шала туған нәрестелердегі нәжіс зерттеулері — MicroScan жүйесін қолдана отырып жүргізілген бактериологиялық зерттеулер және ELISA әдісімен орындалған нәжістегі кальпротектин талдауы біздің зертханада жүзеге асырылды.

Бұл INVIVO зертханалық зерттеулерінің халықаралық сапа деңгейін, сондай-ақ алынған нәтижелердің жоғары дәлдігін тікелей дәлелдейді. Осындай ғылыми жарияланымдар компанияның ғылыми беделін нығайтып, халықаралық ғылыми базалар мен іздеу жүйелеріндегі, соның ішінде Google жүйесіндегі көрінуін арттырады. Сонымен қатар, бұл дәрігерлер, пациенттер және серіктестер үшін зертханалық диагностиканың дәлдігі мен сенімділігінің қосымша дәлелі болып табылады.

Журналда жарияланған жұмыс маңызды клиникалық тақырыпқа — тағамға төзбеушілігі және некроздаушы энтероколиті бар шала туған нәрестелердегі ішек микробиотасы мен нәжістегі кальпротектин деңгейінің рөліне арналған. Алынған нәтижелер неонатология мен зертханалық диагностика салалары үшін маңызды ғылыми әрі практикалық құндылыққа ие.

Осылайша, INVIVO зертханасының халықаралық зерттеуге қатысуы оның жоғары кәсіби деңгейін және заманауи медициналық ғылымды дамытуға қосқан үлесін растайды.

news_image_5

Жаңалық

Пт 15.05.2026
АІЖ ауруларын заманауи диагностикалау мәселелері талқыланды.

Іс-шара спикері ретінде профессор, хирург Рүстем Нұралин сөз сөйледі. Конференцияға эндокринологтар мен хирургтарды қоса алғанда, 35 дәрігер қатысты.

Кездесу барысында метаболикалық бұзылыстары бар пациенттерді диагностикалау мен емдеудіңзаманауи тәсілдері, сондай-ақ нақты диагноз қою мен терапия тиімділігін бақылаудағы зертханалық зерттеулердің рөлі жан-жақты талқыланды.

Профессор зертханалық зерттеулердің дәлдігі мен орындалу жылдамдығына ерекше назар аударып, уақытылы әрі сапалы диагностика пациенттерді сәтті емдеудің негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.

INVIVO мамандары қатысушыларға зертхананың мүмкіндіктерін таныстырып, жүргізілетін зерттеулер мен компания жұмысының заманауи стандарттары туралы баяндады. Қонақтар іс-шараның ұйымдастырылу деңгейін, кеңсенің жабдықталуын және зертхананың өндірістік мүмкіндіктерін жоғары бағалады.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар жылы қабылдау, таңдалған тақырыптың өзектілігі мен іс-шараның жоғары кәсіби деңгейі үшін алғыстарын білдірді. Конференция медициналық қауымдастық арасында үлкен қызығушылық тудырып, барлық қатысушыларға жағымды әсер қалдырды.

left_arrow
rigth_arrow
Барлығын көруslider_arrow

«INVIVO» медициналық зертханасы

бұл анализ жасау процесінде ғана емес, сонымен қатар постаналитикалық кезеңде инновациялық әдістерді қолданатын жоғары технологиялық зертхана.

Біздің Компанияның миссиясы – Қазақстанның барлық аймақтарында сапалы зертханалық қызметтерді қолжетімді бағамен көрсету.

Мақсат – дәрігерлерге дұрыс диагноз қойып, тиімді ем тағайындауға көмектесу.

Толығырақ

1145

зерттеу түрлері

871

Қазақстан бойынша қабылдау пункттері

19 жыл

табысты жұмыс

11 млн

Жыл сайын 11 000 000-нан астам талдау

go top