Loading...
С. albicans кандидасы (қырынды), ПТР
Сипаттама
Дайындық
Көрсеткіштер
Нәтижелерді түсіндіру

Код: 10-061

    ДНҚ Кандида (Candida albicans) ПТР арқылы сапалы анықтау.                                                                Кандидоз - көбінесе Candida albicans тектес ашытқы тәрізді саңырауқұлақтардан туындаған ауру. Аз мөлшерде бұл саңырауқұлақтар сау адамдарда ауыз қуысында, қынапта, асқазан-ішек жолында кездеседі. Иммунитет бұзылған, дәрі-дәрмектердің әсері, күйіктер, хирургиялық араласулар болған кезде, онкологиялық науқастарда олар бірқатар аурулардың - жаңа туған нәрестелердің пневмониясы, стоматит, іріңді аурулардың себебі болуы мүмкін. Кандидоздың ең көп таралған түрлерінің бірі - зәр-жынысты болып табылады. Әйелдерде кандидоз (молочница) жыныс мүшелерінде жану сезімі және қышу, сүзбелі бөлінділер, зәр шығару кезінде ауырсынулар түрінде көрінеді. Ерлерде - қышу және жану сезімі түрінде, жыныс мүшесінің басындағы және шеткі тәндегі ақ өңез, зәр шығару кезінде ауырсынулар. Ауыз қуысының кандидозы жаңа туылған нәрестелерде жиі кездеседі. АИТВ-инфекциясы кезінде кандидоз ерекше маңызға ие, ол ЖИТС-маркерлік инфекциялар қатарына кіреді. АИТВ-мен ауыратын науқастардың 90%-ы белгілі бір кезеңде кандидозбен ауырады.

  ПТР-зерттеулер үшін: · талдау қарсаңында Компанияның қабылдау/жинау пунктінде немесе дәріханасында сатып алу қажет болатын пластик ыдыс стерильді болуы тиіс; ·ПТР-зерттеулерге арналған биоматериал дәрілік препараттарды қабылдау басталғанға дейін (мысалы, бактерияға қарсы, саңырауқұлақтарға қарсы және химиотерапиялық) немесе оларды тоқтатқаннан кейін кемінде 10-12 күн өткен соң тапсырылады. · баяу ағымды аурулар кезінде (әсіресе гонорея, хламидиоз және кандидоз) зерттеу алдында ащы және тұзды тағамдарды, сыраны тұтына отырып, қоздыру жүргізген жөн.   Зәр-жыныс жолынан алынған қырынды: Биоматериалды тапсырудан 2-3 күн бұрын жыныстық қатынастан бас тарту керек. Талдау тапсырған күні жыныс мүшелерін сабын/гельсіз, антисептик қолданбай жай ғана сумен жуу қажет. Талдаудан 2-3 сағат бұрын зәр шығарудан бас тарту керек.   ПТР зерттеулері үшін, баяу ағымды аурулар кезінде (әсіресе гонорея, хламидиоз және кандидоз) зерттеу алдында ащы және тұзды тағамдарды, сыраны тұтына отырып, қоздыру жүргізген жөн.   Әйелдерге: етеккір кезінде зерттеу жүргізу ұсынылмайды; 1-2 күн бұрын емдік және ұрықтануға қарсы кез-келген қынаптық таблеткаларды, шариктерді, тығындәрілерді қолдануды тоқтату керек; кольпоскопиялық сынақтар мен гинекологиялық тексеруден кейін қырындыны алуға болмайды; Ер адамдарға: ірің сұйықтықтың бөлінуі кезінде, қырындыны зәр шығарғаннан кейін, 15-20 минуттан соң алу ұсынылады.   Аңқа, ауыз қуысынан алынатын қырынды. Тістерді жумай, ауызды шаймай, аш қарынға тапсырылады.   Конъюнктивадан алынатын қырынды. Зерттеуге дейін 24 сағат бұрын иісмай мен жақпаларды қолдануға тыйым салынады, зерттеуді жүргізген күні жуынуға, макияж жағуға, көз тамшыларын қолдануға болмайды.  

·Антибиотикалық терапия кезінде терінің және шырышты қабықтың зақымдануы; ·Жіті және созылмалы стоматиттер; ·Клиникалық белгілерінің сипаттамалары бар вагиниттер, вульвовагиниттер;   ·Кандидозды баланопоститке күдік;                                                ·Кандидозды саңырауқұлаққа қарсы терапияның тиімділігін бағалау.

Оң нәтиже: ·кандидозды вульвовагинит, ·кандидозды баланопостит, ·зәр шығару жолдарының кандидозы, ·адамның қалыпты микробиотасының бөлігі ретінде Candida albicans саңырауқұлақтарымен теріні және шырышты қабықтарды колонизациялау. Теріс нәтиже - зерттелетін материалда С. albicans жоқтығы.

*Зертханалық зерттеулердің нәтижесі диагноз қоюдың жалғыз параметрі емес. Нәтижелердің түсіндірмесін алу үшін емдеуші дәрігерге жүгіну керек.

Сұрақ қою

Баға

3450 ₸

Орындау мерзімі

2 күн

Услуга забора биоматериала

+1680 ₸

Үйге бару

Кәрзеңке

Барлығы

Промокод:

Баға

3450 ₸

Орындау мерзімі

2 күн

Услуга забора биоматериала

+1680 ₸

Үйге бару

Кәрзеңке

Барлығы

Промокод:

go top