Назар аударыңыз: Тапсырыс беру жөнінде сұрақтарыңыз болса, нөмір бойынша хабарласыңыз +7 (778) 769-38-81
Ақшаны қайтару қағидалары
1. Қайтаруды қалай ресімдеуге болады
1.1. Қайтару үшін: POS-терминал арқылы немесе қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда — төлем жасалған INVIVO қабылдау пунктіне жүгініңіз; invivo.kz сайтында онлайн төлеген жағдайда — call-орталыққа немесе INVIVO-ның кез келген қабылдау пунктіне жүгініңіз. Өтініш толтырыңыз. Өтініште мыналарды көрсетіңіз:
- Т.А.Ә. және телефон нөмірі;
- тапсырыс нөмірі;
- төлем күні мен сомасы;
- қайтару себебі.
1.2. Өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат пен төлем чегі болуы қажет. Ақшаны нотариат куәландырған сенімхат бойынша өкіл алуы мүмкін.
1.3. Өтініш 3 жұмыс күні ішінде қаралады.
2. Қайтару тәсілі мен мерзімдері
2.1. Ақша төлем қандай тәсілмен жасалса, сол тәсілмен қайтарылады.
2.2. Егер төлем қабылдау пунктінде немесе онлайн банк картасымен жасалса, ақша тек сол картаға ғана қайтарылады.
2.3. Қайтарылатын сома төленген сомадан аспауы тиіс.
2.4. Ақшаның картаға түсу мерзімі картаны шығарған банкке байланысты.
2.5. Егер клиент қызметтен өз еркімен бас тартса, ақша биоматериал алуға жұмсалған шығыстар ұсталып қайтарылады.


