Loading...

Компанияның тарихы

INVIVO зертханасының тарихы

«INVIVO» зертханасы 2007 жылы талдауды орындау барысында ғана емес, сонымен қатар бүкіл сервистік цикл бойында инновациялық әдістерді қолданатын жоғары технологиялық зертхана ретінде құрылды. Бүгінгі таңда зертхана медициналық зертханалық зерттеулердің 1000-нан астам түрін жүргізеді.

Зертхананың миссиясы бұрын сапалы зертханалық зерттеулердің көптеген түрлерін алу қиын болған жерлерде сапалы зертханалық қызметтерді қолжетімді бағамен ұсыну болып табылады.

«INVIVO» зертханасы – желілік өңірлік құрылымы бар Орталық Азия өңіріндегі алғашқы зертхана. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 500-нен астам қабылдау пункттері, 2000-нан астам білікті мамандар табысты жұмыс істеуде.

Мемлекеттік лицензияларға сәйкес «INVIVO» (ИНВИВО) ЖШС екі негізгі қызмет түрін жүзеге асырады:

1. Диагностика: Зертханалық диагностика: бактериологиялық зерттеулер, иммунологиялық зерттеулер, жалпы клиникалық зерттеулер, биохимиялық зерттеулер, аллергодиагностика, гемостазологиялық зерттеулер, гистологиялық және цитологиялық зерттеулер, серологиялық зерттеулер (ЗЕРТХАНА).

2. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек: дәрігерге дейінгі (ҚАБЫЛДАУ ПУНКТТЕРІ). Биоматериалдарды жинауды жүргізеді.

«ИНВИВО» ЖШС сапа менеджменті жүйесі СТ РК ISO 15189-2015  "Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар". Бұдан басқа, медициналық (клиникалық-диагностикалық) зертхана қызметтеріне қатысты сапа менеджменті жүйесі ИСО 9001-2015 талаптарына сәйкес келеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 500-ден астам қабылдау пункті, 13 зертхана жұмыс істейді. 2013 жылдан бастап барлық өңірлер бойынша УДЗ кабинеттері ашылды.

Біздің технологиялар бізге барлық зертханалық зерттеулердің тарихын сақтауға мүмкіндік береді, бұл бізге статистиканы жинауға және мемлекеттік органдарға ұсыну үшін зертханалық зерттеулерге талдау жүргізуге, сондай-ақ қажет болған жағдайда пациенттің бірінші талабы бойынша қайталанатын зерттеулерді ұсынуға мүмкіндік береді.

 

go top