Loading...

Зертханалық диагностиканы тегін алуға бола ма?

Болады!

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің арқасында барлық қазақстандықтар, тіпті шетелдіктер (ҚР аумағында тұрақты тұратын) ТМККК және МӘМС* алуға құқылы.

Есіңізде сақтаңыз! Заң бойынша сіз тегін медициналық көмек алу үшін медициналық мекемені, соның ішінде зертханалық зерттеулерді таңдауға құқығыңыз бар.

Халық үшін қолжетімді медицинаның сенімі болып табылатын INVIVO мемлекеттік және халықаралық үлгідегі сапаның барлық талаптарына сәйкес келетін ТМККК және МӘМС бойынша қызметтерді қуана ұсынады.

Дәрігерден сізді INVIVO-ға жіберуін сұраңыз.

ТМККК-да медициналық көмек әрбір адамға шұғыл жағдайда, сондай-ақ бүкіл қоғам үшін маңызды аурулар бойынша көрсетіледі.

Бұл жедел, алғашқы және паллиативті көмек қана емес, сонымен қатар диагностика, соның ішінде зертханалық!

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, егер адам медициналық сақтандырудың (МӘМС) қатысушысы болған жағдайда, ол ТМККК шеңберіне кірмейтін тегін диагностикалық зерттеулерді алуға құқылы.

Ал бұл:
* БМСК маманы мен бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек;
* Стационарды алмастыратын көмек, оның ішінде зертханалық диагностика;
* Жоспарлы стационарлық көмек, оның ішінде диагностикалық қызметтер;
* ТМККК-ға кірмейтін аурулардың патологиялық-анатомиялық диагностикасы.

Есте сақтаңыз! МӘМС бойынша жүгінген пациент медициналық қызметтердің көлемі мен құнын шектемейді.

Мемлекет Сіз үшін төлейді!

МӘМС бойынша тегін зертханалық диагностика алу үшін не істеу керек?

Ол үшін, ең алдымен, МӘМС қатысушысы болу керек, яғни әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды үнемі төлеу қажет.

Екіншіден, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге немесе бейінді маманыңызға жүгініп, ТМККК және МӘМС шеңберінде зертханалық диагностикадан өтуге жіберу туралы өтініш жасау.

Егер дәрігер өз пациентіне диагноз қоюдың дұрыстығына және тиімді емдеуге шынымен қызығушылық танытса, ол дереу ТМККК және МӘМС шеңберінде зертханалық диагностикаға жолдаманы INVIVO-ға жібереді!

*ТМККК-тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
 МӘМС-міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

go top