Loading...
, ваше персональное предложение готово!
Скидка на все анализы действует до указанного времени
Успейте заказать до
10
:
00

Глаукоманы емдеудегі заманауи тәсілдер

21 мамыр күні INVIVO «Глаукоманы емдеудің кешенді тәсілі: гипотензивті терапия + нейропротекция» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Іс-шараға глаукоманы диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдеріне қызығушылық танытқан 35 дәрігер офтальмологтар қатысты. Конференция барысында пациентті емдеудің өзекті мәселелері, заманауи терапия схемалары, сондай-ақ көру функцияларын сақтау мен пациенттердің өмір сапасын арттырудағы нейропротекцияның маңызы жан-жақты талқыланды.

Конференция спикері медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер, офтальмология саласының танымал сарапшысы Жуматаева Зауре болды. Баяндама қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, клиникалық жағдайларды талқылаумен және кәсіби тәжірибе алмасумен қатар жүрді.

Спикер сапалы әрі уақтылы зертханалық диагностиканың маңыздылығына ерекше тоқталды. Жуматаева Зауре дәрігерлерге пациенттерді INVIVO зертханасына жолдауды ұсынып, сервистің жоғары деңгейін, зерттеулердің дәлдігін және нәтижелердің сенімділігін атап өтті. Сонымен қатар, баяндама аясында жоспарлы операцияға дайындық үшін қажетті зертханалық зерттеулер тізімі таныстырылды.

Сондай-ақ INVIVO зертханасының ішкі және сыртқы сапа бақылау жүйесіне ерекше көңіл бөлетіні, заманауи жабдықтар мен халықаралық зертханалық диагностика стандарттарын қолданатыны атап өтілді. Бұл зерттеу нәтижелерінің жоғары нақтылығын қамтамасыз етіп, дәрігерлер қауымдастығы тарапынан сенімді арттырады.

Конференция достық әрі кәсіби атмосферада өтті. Қатысушылар тәжірибе алмасып, пациенттерді емдеудің өзекті мәселелерін белсенді түрде талқылады.

Іс-шара соңында спикер жаңа форматтағы конференцияны ұйымдастырғаны үшін INVIVO командасына алғысын білдірді.

go top