Loading...

INVIVO жаңа деңгейге көтерілді – енді Qomek-тің сараптамалық денсаулық бағалауымен!

Енді әрбір INVIVO зертханасының пациенті Qomek қосымшасында тоғыз негізгі көрсеткіш бойынша денсаулық жағдайын бағалай алады! Бұл мүмкіндік талдау нәтижелерін алғаннан кейін қолжетімді, әрі биоматериалды алу құнына кіреді!

🔬 Денсаулықты бағалау – бұл дәрігерлер алгоритмдері мен жасанды интеллектке негізделген сараптамалық жүйе. Ол дәрігер диагнозының орнын баспайды, бірақ қосымша пікір ретінде ықтимал қауіптерді анықтауға көмектеседі.

📌 9 негізгі жүйе талданады:
✔ Тыныс алу жүйесі
✔ Жүйке жүйесі
✔ Ас қорыту жүйесі
✔ Иммунитет
✔ Зәр-жыныс жүйесі
✔ Жүрек пен қан тамырлары
✔ Бауыр
✔ Гормондар
✔ Қан жүйесі

📌 Қалай жұмыс істейді?
1️⃣ Qomek қосымшасында немесе қабылдау пунктінде талдауларға тапсырыс беру
2️⃣ Қалаған төлем әдісімен төлеу
3️⃣ WhatsApp арқылы қан алу сақтандыруы мен тегін денсаулық бағалауы туралы хабарлама алу
4️⃣ Зертханалық талдаулар тапсыру
5️⃣ Қосымшада сауалнамадан өтіп, денсаулық жағдайын нақты бағалау
6️⃣ Нәтижелер мен жеке ұсыныстар алу

🎯 Біздің мақсатымыз – жай ғана жаңа қызмет көрсету емес, әр пациентке өз денсаулығын жақсырақ түсініп, уақытылы шаралар қабылдауға көмектесу. Біз өз денсаулығына күтім жасауды жеңілдететін инновациялық қызметті ұсынамыз!

go top