Loading...

INVIVO АЕМБА терапиясының заманауи тәсілдеріне арналған конференция өткізді

INVIVO «Алкогольді емес майлы бауыр аурулары (NAFLD): УДХҚ-ның гепатопротекторлық әсері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Іс-шара бауыр ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдеріне қызығушылық танытқан 37 дәрігерді — гастроэнтерологтар мен инфекционистерді біріктірді.

Конференция спикері Елена Славко – медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты гепатолог дәрігер, инфекционист, гастроэнтеролог және паразитолог.

Баяндаманың аясында алкогольді емес майлы бауыр ауруын (NAFLD) диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері, сондай-ақ урсодезоксихолий қышқылының (УДХҚ) пациенттерді кешенді емдеудегі рөлі жан-жақты қарастырылды. Спикер зертханалық диагностиканың ауруларды уақтылы анықтаудағы, пациенттердің жағдайын бағалаудағы және емдеу тиімділігін бақылаудағы маңыздылығына ерекше тоқталды.

Конференцияның бір бөлімі INVIVO зертханасында орындалатын зертханалық зерттеулерді егжей-тегжейлі талдауға арналды. Іс жүзінде әрбір талдау бойынша клиникалық маңызы, диагностикалық құндылығы, нәтижелерді интерпретациялау ерекшеліктері және дәрігердің күнделікті тәжірибесіндегі қолданылуы таныстырылды. Мұндай формат қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, практикалық тұрғыдан аса пайдалы болды.

Сонымен қатар, INVIVO зерттеулерінің жоғары нақтылығы мен жедел орындалуын атап өтіп, сапалы әрі уақтылы зертханалық диагностика пациентті жүргізудің тиімді тактикасын таңдаудағы негізгі факторлардың бірі екенін айтты.

Іс-шара жоғары кәсіби деңгейде өтіп, мамандар арасында белсенді талқылау тудырды. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар жылы қабылдау, сапалы ұйымдастыру және ұсынылған тақырыптың өзектілігі үшін алғыстарын білдірді.

go top