Loading...

INVIVO офтальмология бойынша конференция өткізді

INVIVO «Операциядан кейінгі құрғақ көз синдромы: қауіп факторлары және профилактикасы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференция спикері Байырханова Алмагуль Ораловна – офтальмолог дәрігер, офтальмохирург, PhD, медицина саласының MBA, офтальмология және офтальмохирургия саласында 18 жылдық тәжірибесі бар маман.

Конференцияға 30 офтальмолог дәрігер қатысты. Іс-шара жылы әрі кәсіби атмосферада өтіп, офтальмологиялық аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеудің заманауи тәсілдеріне қызығушылық танытқан мамандардың басын қосты.

Баяндама барысында Алмагуль Ораловна операциядан кейінгі құрғақ көз синдромының өзекті мәселелеріне тоқталып, асқынуға әкелетін қауіп факторларды, алдын алу мен емдеудің заманауи әдістері туралы айтып берді. Сонымен қатар, көпжылдық тәжірибесіне негізделген практикалық ұсыныстарымен және клиникалық бақылауларымен бөлісті.

Спикер пациенттерді жоспарлы госпитализацияға және операцияға дайындық мәселелеріне ерекше назар аударды. Хирургиялық араласу алдында қажетті зертханалық зерттеулер жан-жақты қарастырылып, операциялардың сәтті өтуі мен пациенттердің тиімді қалпына келуі үшін уақтылы әрі сапалы диагностиканың маңыздылығы атап өтті.

Алмагуль Ораловна пациенттердің барлық қажетті зертханалық зерттеулерін INVIVO зертханасында жылдам, ыңғайлы және жоғары сапада тапсыра алатынын айтты. Сондай-ақ спикер зертханаға деген жоғары сенімділігін, нәтижелердің нақтылығын, зерттеулердің жедел орындалуына және қызметкерлердің кәсібилігіне ерекше мән берді.

Баяндаманың барысында Алмагуль Ораловнаның бұған дейін «Сема» медициналық орталығында жұмыс істеген кезінде INVIVO зертханасымен табысты ынтымақтастық тәжірибесі болғаны жайында атап өтті. Спикердің сөзінше, зертхана жылдар бойы өзін жоғары сервистік деңгейде, тұрақты жұмыс сапасы мен тиімді ұйымдастырылған процестері бар сенімді серіктес ретінде көрсете білді.

Конференция қатысушылары тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, талқылауларға белсенді қатысты, сұрақтар қойылып, өз тәжірибелеріндегі клиникалық жағдайларды талдады. Кездесу қорытындысы бойынша дәрігерлер ұсынылған ақпараттың өзектілігі мен баяндаманың практикалық маңыздылығын жоғары бағалады.

Іс-шара кәсіби тәжірибе алмасуға, өзекті білім алуға және пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.

go top