Loading...
, ваше персональное предложение готово!
Скидка на все анализы действует до указанного времени
Успейте заказать до
10
:
00

INVIVO дәрігерлерді біріктіреді

INVIVO заманауи медицинаның негізі кәсібибілім мен біліктілікті үздіксіз жетілдіру деп біледі. Сондықтан біз озық зертханалық технологияларды енгізумен ғана шектелмей, дәрігерлердің тәжірибе алмасуына, күрделі клиникалық жағдайларды талқылауына және ғылымдағы өзекті бағыттармен танысуына мүмкіндік беретін кәсіби орта қалыптастырамыз.

Тамыз айында INVIVO медицина мамандарына арналған екі сараптамалық дөңгелек үстел ұйымдастырды.

21 тамызда «Антибиотикпен емдеудің кешенді тәсілі: асқазан-ішек жолына төнетін қауіптерді азайту» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараның спикері дәрігер-гастроэнтерологИса Муратович Мусатаев болды. Қатысушылар антибиотиктерді ұтымды қолданудың заманауи қағидаларын және олардың асқазан-ішек жолына тигізуі ықтимал кері әсерлерін азайту жолдарын талқылады.

28 тамызда кәсіби пікір алмасу «Көзішілік қысымнан тыс глаукома: нейропротекция мен құрғақ көз синдромының үдеуіне ықпал ететін жасырын факторлары ретінде» тақырыбындағы дөңгелек үстелмен жалғасты. Кездесуге Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық аурухананың офтальмология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты жетекші офтальмохирург Гулзат Талгатовна Абдраимова модераторлық етті.

Мұндай кездесулер дәрігерлерге кәсіби құзыретін арттыруға, күнделікті клиникалық тәжірибесін ғылымның соңғы жетістіктерімен ұштастыруға, сондай-ақ пациенттерге дәл диагноз қойып, тиімді ем жүргізудің жаңа шешімдерін табуға мүмкіндік береді.

INVIVO үшін медицина қауымдастығын қолдау бір реттік бастама емес, күнделікті жұмысымыздың маңызды бір бөлігі. Біз медицинадағы соңғы жетістіктерді бақылап, әр түрлі бағыттағы мамандарды біріктіреміз және күн сайын пациенттердің денсаулығына қамқорлық жасайтын жандардың кәсіби дамуына жағдай жасаймыз.

 

INVIVO – бұл диагностикадағы дәлдік, сізбен бірге дамитын заманауи медицина.

go top