Loading...
, ваше персональное предложение готово!
Скидка на все анализы действует до указанного времени
Успейте заказать до
10
:
00

Меморандумға қол қою бизнес пен академиялық қауымдастық арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадамға айналды

«INVIVO» ЖШС мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғылым, білім беру, медициналық технологиялар және инновациялар саласындағы бірлескен жобаларды дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат ғылыми-практикалық кластер қалыптастыру және жаңа буын мамандарын даярлау мақсатында INVIVO компаниясының практикалық тәжірибесі мен еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі саналатын университеттің ғылыми-білім беру әлеуетін біріктіруді көздейді.

Ынтымақтастық аясында тараптар бірнеше негізгі бағытты дамытуды жоспарлап отыр. Медициналық мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер INVIVO Орталық зертханасында тәжірибеден өтуге, заманауи зертханалық үдерістермен және инновациялық шешімдермен, соның ішінде диагностикада жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар Pathology AI цифрлық патоморфология технологиясы бойынша таныстырылым сессиялары мен практикалық сабақтар өткізу қарастырылған.

Ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылады. Тараптар медициналық деректерді өңдеуді жеделдету және цифрлық медицина саласындағы озық ғылыми жобаларды дамыту мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Pathology AI технологиясын пайдалана отырып, зерттеу хабын құру мүмкіндігін қарастыруда.

Тағы бір маңызды бағыт – денсаулық сақтау саласы үшін IT-мамандарды даярлау. Студенттер заманауи HealthTech шешімдерін, мобильді қосымшалар мен медицинаға арналған цифрлық сервистерді әзірлеуге қатысатын Siroca Technology және Qomek Kazakhstan компанияларында тәжірибеден өте алады.

«INVIVO» ЖШС Бас директоры Роман Чернов:

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен ынтымақтастық біз үшін Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі мен медициналық ғылымының болашағына салынған инвестиция болып табылады. Бүгінде академиялық білім, практикалық тәжірибе және заманауи технологиялар тоғысатын алаңдарды қалыптастыру аса маңызды. Біз бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларында, сондай-ақ медициналық диагностиканың сапасын жаңа деңгейге көтеруге қабілетті жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді дамытуда зор әлеует көріп отырмыз. Біздің серіктестігіміз жоғары білікті мамандарды даярлауға және маңызды инновациялық бастамаларды жүзеге асыруға берік негіз болады деп сенемін», – деп атап өтті.

Меморандумға қол қойылуы бизнес пен академиялық қауымдастық арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды. INVIVO медициналық технологияларды дамытуға, денсаулық сақтау саласын цифрландыруға және сала үшін кәсіби кадрларды даярлауға бағытталған жобаларды белсенді түрде қолдауды жалғастыруда.

Компанияның дамуына үлес қосып, INVIVO-ның алға жылжуына қолдау көрсетіп жүрген барлық серіктестеріміз бен әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз.

go top