INVIVO - EVIDENCE PRO форумының бас серіктестігі
INVIVO - EVIDENCE PRO форумының бас серіктестігі

Менопауза – әр әйелдің өміріндегі табиғи кезең. Бірақ оның төңірегінде әлі де көптеген мифтер, қорқыныштар мен бір-біріне қайшы келетін кеңестер бар. Бұл туралы ашық, түсінікті және дәлелді медицинаға сүйене отырып айту үшін 18 қазанда Астанада "EVIDENCE PRO: менопауза" форумы өтеді. INVIVO форумның басты серіктестерінің бірі.
Қашан және қайда?
18 қазан, The Ritz-Carlton Astana.
Форумға не үшін бару керек?
Бұл «көз үшін» өтетін дәріс емес, практик дәрігерлермен менопауза кезеңінде әйел ағзасында шын мәнінде не болатыны және денсаулық пен өмір сапасын қалай сақтау керегі туралы жанды әңгіме. Қорқытусыз және мифтерсіз, тек тексерілген ғылыми деректер мен клиникалық тәжірибе.
Форум кімге пайдалы?
- менопаузаға дайындалғысы келетін немесе осы кезеңді бастан өткеріп жүрген 40 жастан асқан әйелдерге;
- алмастырушы гормондық терапияны түсініп, оның қажет пе, жоқ па екенін білгісі келетіндерге;
- анасының, әпкесінің, құрбысының денсаулығына алаңдап, жақындарын біліммен қолдағысы келетіндердің барлығына;
- біліктілігін арттыру үшін эндокриндік гинекология саласындағы мамандар мен интегративті медицина дәрігерлеріне.
Не білетін боласыз?
Форумда акушерлік және гинекология, эндокринология, кардиология және басқа да салалардың спикерлері сөз сөйлейді.
Бағдарлама тақырыптары:
- Менопауза дегеніміз не және ол ағзаны қалай өзгертеді?
- Қандай тексерулерден өту маңызды және қаншалықты жиі?
- Гормондық терапия: пайдасы, қаупі, кімге сәйкес келеді;
- Салмақ пен дене құрамы неліктен өзгереді?
- Сүйек денсаулығы және остеопороздың алдын алу;
- Менопауза кезеңіндегі жүрек пен тамырлар;
- Сүт бездерінің денсаулығы.
INVIVO форумды неге қолдайды?
Біз денсаулыққа қамқорлық білім мен уақтылы диагностикадан басталатынына сенімдіміз. Сондықтан әйелдерге өз денсаулығы туралы шешімдерді фактілерге сүйене отырып, сабырлы әрі саналы түрде қабылдауға көмектесетін жобаларды қолдаймыз.
P.S. iPhone 18 Pro ұтыс ойынын ұмытпаңыз!
Форум қатысушыларының iPhone 18 Pro, сондай-ақ INVIVO мен форум серіктестерінен сыйлық және жеңілдік сертификаттарын ұтып алу мүмкіндігі бар. Қатысу үшін:
- Qomek қосымшасын жүктеп алыңыз.
- INVIVO PRO EVI әйелдерге арналған check-up кешенін 50 000 ₸ арнайы бағамен рәсімдеңіз.
18 қазанда форумдағы INVIVO стендіне келіп, қатысушының жеке нөмірін алыңыз. Жеңімпаз форумда тікелей эфирде кездейсоқ таңдалады.
Форум туралы толығырақ: evidenceclinic.kz/menopauza
Өзіңізге қамқорлық жасау – әрқашан ұтыс. Ал бұл жолы ұтыс iPhone 18 Pro-мен бірге!

