Loading...

АІЖ ауруларын заманауи диагностикалау мәселелері талқыланды.

Іс-шара спикері ретінде профессор, хирург Рүстем Нұралин сөз сөйледі. Конференцияға эндокринологтар мен хирургтарды қоса алғанда, 35 дәрігер қатысты.

Кездесу барысында метаболикалық бұзылыстары бар пациенттерді диагностикалау мен емдеудіңзаманауи тәсілдері, сондай-ақ нақты диагноз қою мен терапия тиімділігін бақылаудағы зертханалық зерттеулердің рөлі жан-жақты талқыланды.

Профессор зертханалық зерттеулердің дәлдігі мен орындалу жылдамдығына ерекше назар аударып, уақытылы әрі сапалы диагностика пациенттерді сәтті емдеудің негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.

INVIVO мамандары қатысушыларға зертхананың мүмкіндіктерін таныстырып, жүргізілетін зерттеулер мен компания жұмысының заманауи стандарттары туралы баяндады. Қонақтар іс-шараның ұйымдастырылу деңгейін, кеңсенің жабдықталуын және зертхананың өндірістік мүмкіндіктерін жоғары бағалады.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар жылы қабылдау, таңдалған тақырыптың өзектілігі мен іс-шараның жоғары кәсіби деңгейі үшін алғыстарын білдірді. Конференция медициналық қауымдастық арасында үлкен қызығушылық тудырып, барлық қатысушыларға жағымды әсер қалдырды.

go top