Loading...

Холестериннің жоғары екендігін көрсететін 5 анық емес белгі

Холестериннің шамадан тыс мөлшері ұзақ уақыт бойы ешқандай белгілер бермеуі мүмкін. Бірақ уақыт өте келе ол тамырлардың қабырғасына жиналып, қан айналымын бұзып, инфаркт пен инсульт қаупін арттырады.

Төмендегі дабыл белгілерге назар аударыңыз:

✅ Аяқ саусақтарының ұйып қалуы — аяқ-қолдардағы қан айналымы бұзылады.
✅ Жүргенде аяқтың ауруы — бұлшықеттерге оттегі жетіспейді.
✅ Ксантомалар мен ксантелазмалар — тері астындағы немесе қабақтағы майлы түйіндер.
✅ Қарашығыңыздың айналасындағы сұр шеңбер — әсіресе 40 жасқа дейінгі адамдарда.
✅ Кеуде тұсының ауруы және күш түскенде демікпе — ишемия белгісі болуы мүмкін.

🧬 Холестерин деңгейін тексеру үшін тапсырыңыз:
07-052 Липидограмма және ЛПОНП

📍 Талдау INVIVO-ның кез келген бөлімшесінде қолжетімді.
Бағалар әр қалада әртүрлі — қалаңызды пікірге жазыңыз, нақты бағасын айтамыз.

Жүрек саулығыңызға бүгіннен бастап қамқорлық жасаңыз.

go top