Loading...
Check-up
checkup_image_1
Еркектер check-up standard
Ерлердің денсаулығын толық тексеруден өтіңіз
checkup_image_2
Әйелдер check-up standard
Әйелдердің денсаулығын толық тексеруден өтіңіз
checkup_image_3
Балаларға check-up (мектеп жасына бала)
Балаларға check-up (мектеп жасына бала)
checkup_image_4
Еркектер check-up premium
Ерлердің денсаулығын толық тексеруден өтіңіз
checkup_image_5
Әйелдер check-up premium
Әйелдердің денсаулығын толық тексеруден өтіңіз
checkup_image_6
Балаларға check-up (мектеп жасына дейінгі бала)
Балаңыздің денсаулығын толық тексеруден өтіңіз (мектеп жасына дейінгі бала)
checkup_image_7
Балаларға check-up (жасөспірім)
Балаңыздің денсаулығын толық тексеруден өтіңіз (жасөспірім)
left_arrowleft_arrow
rigth_arrowrigth_arrow
Барлығын көруslider_arrowslider_arrow
Танымал зерттеу пакеттері
Соңғы жаңалықтардан хабардар болыңыз
news_image_1

Жаңалық

Вт 04.02.2025
4 ақпан – Дүниежүзілік обырмен күрес күні

Көптеген адамдар онкологиялық аурулар негізінен егде жастағы адамдарда кездеседі деп есептейді, және шынында да, олар көбінесе 60 жастан асқан адамдарда анықталады. Алайда BMJ Oncology журналында жарияланған зерттеулер соңғы онжылдықтарда онкологиялық аурулардың жастар арасында айтарлықтай көбейгенін көрсетіп отыр.

30 жасқа дейінгі пациенттер арасында көбінесе гемобластоздар, ми мен жүйке жүйесінің ісіктері, сондай-ақ қалқанша безінің, жатыр мойнының, аналық бездің және сүт безінің қатерлі ісіктері жиі кездеседі.

30-59 жас аралығындағы адамдарда сүт безі, тыныс алу жүйесі (кеңірдек, бронх және өкпе), тері, жатыр мойны, лимфа және қан түзу жүйесінің тіндері, сондай-ақ жатыр денесінің ісіктері кең таралған.

Қауіптерді азайтып, мүмкін болатын ауруларды уақытылы анықтау үшін INVIVO жүйелі түрде профилактикалық тексерулерден өтуді ұсынады. Мұндай тәсіл денсаулықты бақылауға және қажетті шараларды дер кезінде қабылдауға көмектеседі.

news_image_2

Жаңалық

Пт 31.01.2025
Қалқанша безінің денсаулығын көрсететін 5 көрсеткіш

Қалқанша безі зат алмасуды, жүрек жұмысын, жүйке жүйесін, репродуктивті денсаулық пен көңіл-күйді реттейді. Оның қызметіндегі бұзылулар ұйқысыздыққа, ашушаңдыққа, салмақ мәселелеріне, терінің құрғауына және шаш түсуіне әкелуі мүмкін.

Кілтті көрсеткіштерді тексеру:

ТТГ – қалқанша безінің жұмысын реттейді. Ол ағзадағы энергия түзілу процестерін бақылайтын гормондардың тұрақты деңгейін қамтамасыз етеді.

Т3 бос – жүрек-қантамыр, ас қорыту, тыныс алу, репродуктивті және жүйке жүйесінің жұмысын, сондай-ақ зат алмасу жылдамдығын реттейді.

Т4 бос – энергия мен құрылымдық алмасуды реттейді.

АТ–ТГ және АТ–ТПО – қалқанша безінің аутоиммундық ауруларының (Грейвс ауруы, Хашимото тиреоидиті) маркерлері.

💡 Барлық көрсеткіштерді кешенді талдау арқылы тексеруге болады.

🔰 15-032 Қалқанша безі. Кеңейтілген талдау.

Здоровьеңызды уақытында қадағалаңыз!

news_image_3

Жаңалық

Вт 28.01.2025
Холестерин туралы аңызсыз: бірге түсінейік!

Холестерин – көпшіліктің ойына атеросклероз және жүрек-қантамыр аурулары туралы түсініктерді әкелетін сөз. Бірақ бұл заттың шын мәнінде не екенін білесіз бе? Келіңіздер, бірге талдап көрейік!

Холестерин гормондардың синтезіне, жасуша мембраналарын құруға және басқа да өмірлік маңызды процестерге қатысады.

Бірақ бір «бірақ» бар: тек ағзадағы жалпы холестерин деңгейі ғана емес, оның фракцияларының тепе-теңдігі де маңызды.

🔹 Төмен тығыздықты липопротеиндер (ТТЛП) – «жаман» холестерин деп аталатын түрі. ТТЛП деңгейінің жоғарылауы қан тамырларында атеросклероздық тақталардың пайда болуына әкеледі.
🔹 Жоғары тығыздықты липопротеиндер (ЖТЛП) – «жақсы» холестерин, ол ағзадан артық холестеринді шығарып тастауға көмектеседі.
🔹 Триглицеридтер (ТГ) – липидтер алмасуының жағдайына әсер ететін тағы бір маңызды көрсеткіш. ТГ деңгейінің көтерілуі жүрек-қантамыр патологияларының даму қаупін арттырады.
🔹 Атерогенділік коэффициенті (АК) – «жаман» холестериннің «жақсысына» қатынасы. Ол жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупін бағалау үшін есептеледі.

Холестерин деңгейі мен оның фракцияларын
🔰 07-041 Липидограмма анализінің көмегімен INVIVO-да білуге болады.

news_image_4

Жаңалық

Пт 24.01.2025
«Аш қарынға» дегеніміз не?

Көптеген адамдар үшін бұл сөз «дайын болғанға дейін қайнату» деген тіркес сияқты анық емес естіледі.

❤️ Медициналық мамандардың бұл сөзге нақтырақ анықтамасы бар: «аш қарынға» – бұл талдаудан 8–12 сағат бұрын тамақ ішпеу. Ұзағырақ емес!

☝️ Қан талдауының көпшілігіне дайындалу үшін дәл осындай уақыт аралығы қажет. Бірақ ұмытпаңыз, ұзақ ашығу (12 сағаттан асса) нәтижелерге әсер етуі мүмкін.

👍 Барлық талдаулар осындай ұзақ уақыттық шектеуді талап етпейді.
🖥️ INVIVO сайтында әр зерттеуге арналған «Талдауға дайындық» бөлімі бар, онда дайындық уақыты нақты көрсетілген. Процедура алдында осы ақпаратпен танысып шығыңыз, нәтижелердің дәл болуы үшін!

news_image_5

Жаңалық

Вт 21.01.2025
Жылдамдық құпиялары: неге талдаулар әртүрлі уақытта дайындалады?

⬇️ Зерттеудің орындалу жылдамдығы бірнеше факторға байланысты:

Орындау технологиясы. Генетикалық немесе гистологиялық сияқты көпсатылы зерттеулер биохимиялық тесттерге қарағанда көбірек уақытты қажет етеді.
Үлгіні тасымалдау. INVIVO-ның алыс зертханаларынан жеткізу талдаудың орындалу мерзімін ұзарта алады.
Шұғылдылық. Экспресс-тесттер әрдайым тезірек орындалады.
Екінші пікірдің қажеттілігі. Гистологиялық сияқты күрделі тесттерде қателерді болдырмау үшін қосымша тексеріс жүргізіледі.
🤖 INVIVO-да зертханалық зерттеулердің барлық кезеңдерін басқаратын заманауи автоматтандырылған жүйе қолданылады. Ол адами факторды барынша азайтып, талдауларды өңдеу үдерісін жылдамдатады.

💡 Осының арқасында біз халықаралық стандарттарға сай жоғары дәлдікті қамтамасыз етіп, сізге тек сенімді нәтижелерді ұсынамыз.

left_arrow
rigth_arrow
Барлығын көруslider_arrow
sales_image_1
01 Окт 2024 -
Alex-test (мультикомпонентная аллергодиагностика ALLERGY XPLORER)

 

left_arrow
rigth_arrow
Барлығын көруslider_arrow

«INVIVO» медициналық зертханасы

бұл анализ жасау процесінде ғана емес, сонымен қатар постаналитикалық кезеңде инновациялық әдістерді қолданатын жоғары технологиялық зертхана.

Біздің Компанияның миссиясы – Қазақстанның барлық аймақтарында сапалы зертханалық қызметтерді қолжетімді бағамен көрсету.

Мақсат – дәрігерлерге дұрыс диагноз қойып, тиімді ем тағайындауға көмектесу.

Толығырақ

1090

зерттеу түрлері

555

Қазақстан бойынша қабылдау пункттері

16 жыл

табысты жұмыс

11 млн

Жыл сайын 11 000 000-нан астам талдау

go top